«Экология»

«Экология» біліктілікті жетілдіру курсының бағдарламасы

  1. Жалпы ережесі

«Экология» біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы (72 сағат) мектеп педагогтері мен жоғары оқу орын ұстаздарына, мектеп және университет сынды жоғары оқу орындарының басшыларына, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының студенттеріне экологиялық білім арқылы дүниетанымын кеңейтіп, өз білімдерін жаңарту мен кәсіби біліктіліктерін дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі, ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатерлері жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің дамуы отандық білім беруді жаңғыртуды, центристік парадигманы құзыреттілікке, тиісінше мектептегі білім беру мазмұнын түбегейлі жаңартуға трансформациялауды талап етеді.

Білім беру мазмұнын жаңарту оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан кетуді болжайды және мазмұнға емес, күтілетін нәтижелерге негізделеді, олар білім беру салалары бойынша анықталады және аспект қызметін көрсетеді, яғни оқушылар "біледі", "түсінеді", "қолданады", "талдайды", "синтездейді", "бағалайды".

Педагогтердің кәсіби дамуы үшін педагогтің білім беру мазмұнын жаңартуға көшуге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін біліктілікті арттыру курстары қажет. Өз кезегінде, педагогтер білім беру мазмұнын жаңарту үдерісіне қолдау көрсетуге тиіс.

Әлем қарқынды өзгеруде, ал білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу процесі мұғалімді сапалы даярлауды талап етеді.

Елімізде білім беру мазмұнын жаңарту барлық деңгейлерде, сондай-ақ оның барлық компоненттерінде - мазмұнында, әдістерінде, нысандары мен технологияларында, бағалауда, педагогтерді қайта даярлау бойынша жүзеге асады.

Еліміздің зияткерлік мүмкіншілігі болып табылатын ойшыл тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуды білікті және сапалы дайындалған педагогпен ғана қамтамасыз етуге болады. Жаңартылған білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарының әзірленген бағдарламасы орта мектепте білім беру мазмұнын жаңартуға көшуге педагогтерді даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңартылған білім беру стандарты мен типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы мұғалімдерді даярлаудың жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған.

Педагогтердің біліктілігін жетілдіру курсының практикалық маңыздылығы педагогикадағы жаңа инновациялық әдістер мен кәсіби-педагогикалық білім мен дағдыларын практикада қолдану болып табылады.

Оқу ұзақтығы - 72 сағат. Бұл бағдарламаны 36 сағаттық біліктілікті жетілдіру курстарында қолдануға болады. 36 сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курстары үшін модульдер бойынша сағат саны курс тыңдаушыларының қажеттіліктеріне қарай анықталады.

  1. Глоссарий

 

Агроландшафттар

аумақтың басым бөлігіндегі табиғи өсімдіктердің агроценоздармен алмасқан, антропогендік ландшафттар. Геожүйенің өте ерекше, генетикалық дербес категориясы болып саналады. Олардың табиғи жүйешесі барлық табиғи және антропогендік қаситтерінің жиынтығымен зерттелуі керек.

Агроценоз

өсімдіктер мен жануарлардың бір немесе бірнеше таңдаулы түрлерінің (сұрып, тұқым) жоғарғы өнімділігіне ие, жасанды және үнемі адамның бақылауында болатын биотикалық бірлестік.

Адаптация

өсімдіктер мен жануарлардың, олардың дене құрылысы мен тіршілігінің айналадағы ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына, географиялық ортаға бейімделуі

Анаэробты  ағзалар

атмосфералық бос оттегі кездеспейтін ортада тіршілік ететін және тотықсыздану процестеріне қатысатын ағзалар

Антропогендік сукцессия

адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде пайда болатын өсімдік жамылғысының алмасуы

Аридты (қуаңшылықты) климат

өсімдіктердің  толық өсіп, дамып, көбеюіне жеткіліксіз атмосфераның  ылғалдануы жүретін құрғақ  климат. Аридті климат жағдайында шөл мен шөлейт биомдары мен ландшафттары басым  болады

Артезиан сулары

(Франциядағы  Артуа провинциясының латынша Artesium деген атауынан шыққан) қысымы жоғары болатын қабатаралық  жер асты сулары.  Олар 50-800 метр аралығындағы тереңдікте кездеседі және қысымы жоғары болғандықтан, ұңғымаларды қазғанда су жер бетіне атқылап шығады. Бұлардың шөлейт және шөл зоналарындағы өсімдіктердің жергілікті (локальды) дамып, қалыптасуларына және жануарлардың сумен қамтамасыз етулеріне мол ықпалдары бар

Ауаның ылғалдылығы

ауадағы су буының  мөлшері.  Су буының тығыздығы (қысымы)  және салыстырмалы ылғалдылығы болып сипатталынады. Бұларға қосымша − абсолютті ылғалдылық, яғни г/м3 көрсетілген су буының тығыздығы жатады

Әлеуметтік-өндірістік факторлар

қоғамдағы адам тіршілігі мен қарым-қатынастары, ауыл шаруашылық және шаруашылық өндіріспен байланысты қоршаған ортаға әсер ету факторлары

Батиальды зона

материктік қайраң мен терең сулы  (абиссальды зона) аралығында орналасқан мұхит бөлігі. Әдетте, оны материктік беткеймен байланыстырады. Сондықтан биомдарының  сандық-сапалық ерекшеліктері болады

Батпақты топырақтар

ерекше ылғал сүйгіш өсімдіктер өсетін,  жер беті және жер асты еспе  суларымен мол ылғалдану жағдайында қалыптасқан топырақтың  топтары. Олардың кесіндісі беткі шымтезекті топырақ қабатынан  басталып, көмілген және қалбырланған топырақ қабаты болып табылатын органикалық жыныстар - шымтезекпен төселген  қабатпен жалғасады

Биогеоценоз

күрделі табиғи жүйе, жер бетінің  белгілі  бөлігіндегі  біртекті табиғи жағдайлардың (атмосфераның, тау  жыныстарының, топырақтың,  өсімдіктердің,  гидрологиялық жағдайлардың, жануарлар мен микроағзалар әлемінің)  жиынтығы. Мұны құрайтын  бөліктерінің өзара әрекеттесуінің ерекше  жағдайы және зат пен энергия алмасуының белгілі типі тән болады. Кейде синоним  ретінде “экожүйе” термині қолданылады. Айырмашылығы − биогеоценоз − биосфераның аймақтық бөлінісінің төменгі  деңгейдегі  бірліктеріне сәйкес келетін нақты территориялық бірлігі (биохора). Ландшафта бір биогеоценоз − бір фацияны алып жатады  (Геохоро, биохоралардың иерархиялық деңгейлерін қараңыз)

Биологиялық әртүрлілік

белгілі бір аумақта тіршілік ететін тірі ағзалардың әртүрлілігі. Биологиялық әртүрлілік , әдетте, өсімдіктердің, жануарлар мен микроағзалардың түрлері мен түр тармақтарының санымен  өлшенеді. Бұлардың әртүрлілігі табиғи экожүйелердің қызметі (функциясы) үшін қажеті  бар. Сондықтан, ол − қоршаған орта жағдайының  маңызды көрсеткіші болып табылады. Биологиялық әртүрліліктің  бастапқы (базалық) бірліктері: альфа  биологиялық  әртүрлілігі − түрлердің әркелкілігі, бета биологиялық әртүрлілігі − әртүрлі  ландшафттардағы  бірлестіктердің әркелкілігі

Биом

белгілі бір аймақтағы  ағзалардың бірлестіктерінің (экожүйенің) жиынтығы. Мысалы,  табиғат зоналарына жататын тундра биомы, тайға биомы және т.б.

Биосфера

Жер шарының қазіргі  кездегі  тіршілік ететін барлық тірі ағзаларының  жиынтығы таралған бөлігі. Биосфера озон қабатына дейінгі атмосфераны (шамамен 15 км), терең шұңғымаларға дейінгі гидросфераны (11 км астам), температурасы  1000 С жоғары болатын 4 км  дейінгі литосфераны қамтиды.

Биота

белгілі бір ірі көлемді аймақтағы  ағза түрлерінің жиынтығы, яғни  нақтылы аймақтың флорасы мен фаунасы. Мысалы, тундра биотасы, ориентальды биогеографиялық патшалық биотасы

Биотикалық айналым

биосферадағы  ағзалардың   негізгі үш тобының  өзара қарым-қатынасының болмысы: өндірушілер (продуценттер) − алғашқы органикалық зат түзушілер − фотосинтездеуші жасыл өсімдіктер мен хемосинтездеуші бактериялар; тұтынушылар (консументтер) − органикалық затты пайдаланушылар − бұлар шөпқоректі және жыртқыш жануарлар;  ыдыратушылар (редуценттер) − өлі органикалық заттарды минералды   заттарға дейін ыдыратушылар. Мысалы, микроағзалар, мезофауналар,   жәндіктер, т.б.

Биотикалық экологиялық факторлар

ағзалардың өзара қарым-қатынасының түрі

Биотоп

бір биоценоз алып жатқан жер бетінің (территория немесе акватория) экологиялық жағынан біртекті  үлескілері

Биоценоз

құрлықтардың  немесе су қоймаларының   біртекті үлескісін мекендейтін барлық тірі ағзалардың  өзара байланысты жиынтығы. Бұл − ағзалардың өзара және оларды қоршаған орта жағдайларына бейімділігі арасындағы қарым-қатынасымен сипатталады

Бореалды зона 

қалыпты салқын климатпен сипатталатын  тайгалы белдеу

Географиялық зона

жылу мен ылғал (гидротермика) баланстары (тепе-теңділік) қатынастарының әртүрлі болып келулеріне байланысты қалыптасқан, ендік (жазықты) белдеулердегі территориялық табиғат кешендерінің солтүстіктен оңтүстікке қарай  ретімен жайғасып,  алмасатын   типтері. Қазақстанда орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары орналасқан

Геожүйе

литосфера, гидросфера, атмосфера  мен биосфераға жататын, өзара байланысты бөліктерінен құралатын және уақыт бірлігінде  біртұтас дамитын табиғи жүйе.  Ол − аумақтық жағынан анықталмаған ұғым, ал табиғи аумақтық кешен – белгілі бір иерархиялық деңгейдің территориялық бірлігіне жатқызылады. Геожүйелер бірін-бірі көлденең бағытта алмастырады және  сол арқылы жер бетіндегі  геобөліктердің өзара әрекеттесуін, өзгеру сипатын көрсетеді. 

Гетеротрофты ағзалар

бейорганикалық  заттардан органикалық заттарды жасай алмайтын,  қорек көзі ретінде басқа ағзалар өндіретін органикалық заттарды дайын күйінде қабылдайтын ағзалар

Геоэкология

географиялық  (табиғи аумақтық кешен, геожүйе), биологиялық (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе)  және әлеуметтік- өндірістік жүйелердің (табиғи аумақтық кешен, геотехжүйе) өзара байланысы туралы ғылым. Мысалы,  антропогендік процестерден жерлердің шөлге айналуына, табиғатты тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге және қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөледі

Географиялық орта

табиғи және қоршаған орталарды біріктіретін, кең мағынада қолданылатын ұғым.  Мұның биогеография ғылымын меңгеруде  маңызы зор.

Географиялық ландшафт

шығу тегі  және даму тарихы жағынан ұқсас, бірыңғай геологиялық фундаменті, бір типті  жер бедері мен климаты бар, оны құрайтын морфологиялық бөліктердің – қоныс, мекен, фациялардың бірыңғай үйлесуі тән нақтылы территория. Мұндай түсінікте ландшафт физикалық географиялық аудандастырудың негізгі бірлігі болады

Дефляция

тау жыныстарының үгілу өнімінің ұсақ бөлшектерінің және топырақтардың (құм, шаң-тозаң) желмен ұшырылып тасымалдануы. Бұл құбылыс әсіресе  қуаң далада, шөлейт пен  шөлдерде анық байқалады. Осының нәтижесінде өсімдік жамылғысы мен жануарлардың  сандық-сапалық құрылымы дерлік өзгерістерге ұшырайды

Жер бедерін картаға түсіру

Жер бетінің       морфографиясы, шығу тегі және жасы бойынша жер бедерінің картасын құру процесі.  Ірі масштабты топографиялық  карталарда жер бедерін бейнелеу мен мазмұнындағы негізгі талаптарына:  карталармен өлшеу және есептеу жұмыстары  жүргізілетіндіктен жер бедерін бейнелеудің жоғары дәлдігі, практикалық есептерді шығарудағы жер бедерінің ерекшеліктерінің дұрыс көрсетілуі жатады. Ірі масштабты карталарда жер бедерінің жекелеген элементтері мен формалары көрсетілсе,  ұсақ масштабты карталарда жер бедерінің типтері мен оның ең ірі формалары беріледі

Кешенді өсімдік жамылғысы

әр түрлі фитоценоздар бөліктерінің қосылуынан құралған біртекті емес өсімдік жамылғысы. Әдетте, кешендер микро-жер бедері жақсы дамыған ландшафтарда және әр түрлі құрамдағы  тау жыныстары шығып жатқан жерлерде қалыптасады

Қоршаған орта

абиотикалық, биотикалық және экономикалық-әлеуметтік  факторлардан тұратын адамзаттың тіршілік және өндірістік қызмет ету ортасы. Табиғи орта және әлеуметтік ортадан құралады

Қышқыл жауын-шашын

қышқылдығы  қалыпты жағдайдан (рн 4−5) жоғары  кез-келген атмосфералық жауын-шашынның (жаңбыр, тұман, қар) түрі.  Ол атмосфераның күкірттің, азоттың  қос тотығымен, күкіртті ангидридтермен және т.б. Заттармен ластануынан пайда болады

Ландшафт

көршілес табиғи территориялық кешендерден сапалық жағынан ерекшеленетін ақиқатты (объективті) тіршілік ететін табиғи территориялық кешен. Әрбір ландшафт аймақтық табиғи түзілім ретінде жеке сыртқы пішіні мен ішкі құрылымы морфологиялық табиғи территориялық кешен болады. Ландшафт құрылымы мен эволюциясы оның энергетикалық базасымен, масса алмасуының ерекшелігімен және тірі заттардың әрекеттерімен (функциясымен) анықталады. Антропоцентрикалық көзқарас тұрғысынан ландшафт  қор  жинаушы және  қор  туғызушы  жүйе, адам тіршілігі мен  іс-әрекеті  ретінде  қарастырылады

Ландшафттық карталар

фация мен қоныстан ландшафттарға дейін, масштабқа байланысты табиғи-аумақтық кешендердің барлық типологиялық категорияларын бейнелейді

Мәдени  ландшафт

адам қоғамына қажетті құрылым мен қызметтерге ие арнайы жасалған антропогендік ландшафт. Голландияның теңіз деңгейінен төмен жатқан және дамбалармен қоршалған территориясы немесе күріш алқаптары  мәдени ландшафттарға  жатады

Мезофиттер

ксерофиттер мен гигрофиттер арасындағы  аралық жағдайда болатын, топырақта ылғал артық емес, жеткілікті болғанда өсетін өсімдіктер.

Мониторинг

адамның   іс-әрекеті   әсерінен   қоршаған   орта  жағдайының өзгерістерін   бақылау   және   қадағалау.   Адамдардың   өмірі,   денсаулығы,  өндірістік іс-әрекетіне қолайлы емес құбылыстардың алдын алу.

Ноосфера

(“саналы қабықша” деген ұғымды білдіреді) –  жердің саналы қабығы. Биосфераның гипотезалық (жорамалданған) даму деңгейі және адамның саналы іс-әрекеті оның тұрақты  дамуын айқындайтын негізгі фактор болып табылады

Озонды экран

ағзаларға қауіпті ультракүлгін сәулелерін   сіңіретін, 20-25 км биіктіктегі озон молекуласы (О3) өте мол  мөлшерде шоғырланған қабаты. Атмосфераның антропогендік ластануы нәтижесінде озон экранының бұзылуы барлық тіршілікке, ең алдымен адамға қауіп төндіреді

Парник   эффектісі  

жер   бетінің   ұзын толқынды   (жылу)   сәулелерді сіңіруінен болатын төменгі ауа қабатының жылынуы. Бүл процестің басты себебі  атмосфераның  жылу сәулелерін  сіңіретін газдарға байытылуы.  Мысалы, атмосфера құрамындағы  көмірқышқыл  газының  (СО2) мөлшерінің  шамадан тыс артуы

Саванна

жеке өскен ағаштары мен бұталары бар және  шөптесін жамылғыдан тұратын тропиктік өсімдік жамылғысы. Солтүстік Африка мен Оңтүстік Америкада кең таралған. Саванна Бразилияда - “кампос”,   Венесуэла мен Колумбияда  -“льянос” деп аталады

Сапрофагтар

басқа жануарлардың өлекселерімен, шіріген қалдықтарымен, көңмен (қи)  қоректенетін санитар жануарлар.

Селитебті аумақ

тұрғын үйлер ғана орналасатын елді мекен аймағы  немесе  тұрғын үй зонасы

Сирек кездесетін өсімдіктер

жойылып кетуге қаупі жоқ, бірақ аз мөлшерде немесе  шектеулі территорияларда ғана кездесетін өсімдік түрлері. Бұларға Шарын бассейнінде өсетін согдиан немесе өзенсүйгіш шетені (Traxinus potamophila Herd.), Іле жидесі (Elaegnus iliensis Musheg sp.n.) , көкшіл сұр жапырақты тораңғы (Populus pruinosa Schrenk.), Семенов үйеңкісі (Acer semenovii Rgl.et Herd.), Түркістан аршасы (Iunurerus turkestanica Kom), Сиверс алма ағашы (Malus sieversuu), Іле барбарисі (Berberis  iliensis), Тянь-Шань қайыңы (Betula schrenkiana), Михельсон кермегі (Limonium michelsonii) және т.б. жатады.

Табиғатқа антропогендік  әсер ету

табиғатты өзгертетін  тікелей саналы немесе жанама (бейсаналы) адам әрекетінің әсері

Табиғи орта

табиғи және адам әсерінен өзгерген биотикалық және абиотикалық факторлар жиынтығы. Әлеуметтік қабаттан тұратын қоршаған ортаға қарағанда адамның араласуы болмағанда өзін-өзі реттеу және қалпында ұстау қабілетіне ие.

Техносфера

адамның әрекетімен  түп-тұқиянды инженерлік-техникалық құрылымға айналған биосфераның бөлігі. Мысалы,  қалалар, зауыттар мен фабрикалар, карьерлер мен шахталар, жолдар, плотиналар мен суқоймалары

Толеранттылық

төзімділік, белгілі бір экологиялық факторлардың қолайсыз әсерлеріне  ағзалардың  төзіп, бейімделу   қабілеттері. Ағзалардың бұл қасиеті, олардың биогеографиялық таралулары мен мекендеулерінде маңызы зор

Топырақты мелиорациялау

тек топырақ қасиеттерін түпкілікті өзгерту үшін ғана емес, сондай-ақ тұрақты, топырақ құнарлылығын басқару мақсатында  және мәдени ландшафттардағы топырақ түзілу жағдайлары процесін қамтамасыз ететін шаралар жүйесі, онда сулы, тұзды, жылулы, физикалық-химиялық, биохимиялық және т.б. Топырақ  режимдерін қолмен реттеуде  алдын-ала арнайы жағдайлары мен әдістері қарастырылуы керек

Тұрақты даму

қазіргі уақыттағы қажеттіліктерді қамтамасыз ететін және  адамзаттың болашақтағы  ұрпақтарының  мұқтаждығын қанағаттандыруға қауіп төндірмейтін қоғамның дамуы. Бұған әсер ететін негізгі факторлардың бірі − табиғат (биогеографиялық) қорларын тиімді пайдалану

Тіршілік мекені

біртекті экологиялық жағдайлар қалыптасқан бір  биоценоз, микроценоз немесе  белгілі бір түрдің популяциясы алып жатқан суқоймасының, болмаса құрлықтың кеңістікте шектелген бөлігі

Фауна

жануарлар түрлерінің жиынтығы

Фитоценоз

өзара және мекен ету ортасының жағдайларымен ерекше қарым-қатынаста болатын жер бетінің біртекті үлескісінде өсетін өсімдіктер түрлерінің жиынтығы

Флора

өсімдіктер түрлерінің жиынтығы.

Шөлдену

аридті ландшафттарға тән жерлердің бұзылуы (бүлінуі), биологиялық  өнімділіктің  төмендеуі,  деградациялануы

Экожүйе

биотикалық жэне абиотикалық құрамдары арасында энергия, зат және ақпарат алмасулары жүретін кешен.  Ол - шексіз ұғым.  Экожүйе ретінде шалғынды да, ғарыш кемесін де, биосфераны да қарастыруға болады

Экология

ағзалардың тіршілік жағдайларын, өзара және тіршілік ортасымен  қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Ағзалар мен олар құрайтын бірлестіктердің абиотикалық және  биотикалық экологиялық факторлармен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым.

 

Экологиялық апат зонасы

тұрақты,  әрі өте күшті  ластанған (шектеулі көлем концентрациясы 10 есе жоғары), өнімділік деңгейі бұзылған,  экожүйесі қайтымсыз өзгерген және оларды толығымен шаруашылық қолданыстан  шығарып  тастаған аумақ. Территорияның  50%  жоғары  жерлері деградацияға ұшыраған. Осыған сәйкес ғасырлар бойы қалыптасқан өсімдіктері мен  жануарларының құрамы  сандық-сапалық күрт өзгерістерге ұшырайды.

Экологиялық факторлар

тірі заттардың бейімделу әрекеттерімен жауап беретін ағзалардың тіршілігінің  қозғаушы күші.  Экологиялық  факторларды абиотикалық және биотикалық деп бөледі.

Эрозия

су ағындарымен жер бетінің  бұзылу процестері. Мысалы, топырақ эрозиясы  өсімдіктердің  сандық-сапалық құрамына  зор әсер етеді.

 

  1. Бағдарлама тақырыбы

 

Бағдарламаның тақырыбы келесі тақырыптар ауқымын қамтиды:

1-модуль  «Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету»

  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  • Педагогикалық этика ережелері. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары;
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау;
  • Инклюзивті білім беру бойынша нормативтік құқықтық актілер;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Қазақстан Республикасының заңы;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері;

2-модуль «Курсқа кіріспе»

  • Экологияға кіріспе.
  • Өркениет тарихындағы қоғаммен табиғаттың қарым-қатынасы.
  • Тірі организмдер және олардың тіршілік орталары.
  • Орта факторлары және олардың организмдерге әсері.
  • Биосфера эволюциясы.
  • Биосферадағы биогеохимиялық айналымдар.
  • Биосферадағы адамның ролі.
  • Адамның экологиялық ізі.

3-модуль «Экологиялық мәселелердің теориялық бөлімі»

  • Өркениет мәселелері және жаһандық экологиялық мәселелер.
  • Биосфера компоненттерінің жаһандық ластануы.
  • Табиғи-ресурстық потенциал
  • Атмосфералық ауаны мен су ресурстары
  • Топырақты қорғау және оларды ұтымды пайдалану мәселесі

4-модуль «Өркениеттегі экологиялық мәселелердің тәжірибесі»

  • Экологиялық бақылау және қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі
  • Экологиялық қауіпсіздік.
  • Азық түліктің экологиялық қауіпсіздігі.
  • Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық проблемалары
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
  • Қызыл кітап. Ерекше қорғауға алынған территориялар.
  • Тұрақты даму тұжырымдамасы.
  • Туристік-өлкетану қызметі
  • Қазақстандық туризм
  • Экологиялық туризм

5-модуль «Экологиялық мәселелердің шешімдері»

- Жасыл технологиялар: жаңа қоғамдық тренд ретінде инновациялық экологиялық шешімдер

- Экологиялық білім және тәрбие.

- Экология сабағын оқытудың дидактикалық принциптері.

- Қоршаған ортаның мәселелері бойынша экологиялық жоба жасау.

 

6-модуль  «Рефлексия»

  • «Менің қаламның экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» эссе жазу;
  • Курс тақырыптары бойынша тестілеу;
  • Біліктілікті жетілдіру курсы деңгейін анықтауға арналған сауалнама.

 

  1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері

Мақсаты:

экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша құзыреттілікті қалыптастыру, теориялық білімді тереңдету және осы білімді практикалық қызметте икемді, вариативті, шығармашылық түрде пайдалану қабілетін дамыту.

Міндеттері:

  • экология саласында жаңа ұғымдармен, тұжырымдамалармен және технологиялармен таныстыру;
  • экология саласында ұсынылған әдебиеттер мен құжаттарды өз бетінше оқу дағдыларын игеру;
  • тұрақты даму мәселелерін талқылаудың негізгі әдіснамалық тәсілдерін меңгеру;

Күтілетін нәтиже:

Курс нәтижесінде тыңдаушылар тек экологиялық білім негіздерін ғана

игеріп қоймай, сонымен қатар осы білімдерін өмірде пайдалана біледі:

- экологиялық процестерді талдау, табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының нақты міндеттері мен басымдықтарын қою және алынған білімді экологиялық міндеттерді шешу үшін пайдалану дағдыларын дамытады;

  • тұрақты дамуды сақтау үшін практикалық қызметте тірі организмдер мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтары туралы алған теориялық білімдерін қолдану қабілетін дамытады.
  • тұрақты даму мәселелерін талқылаудың негізгі әдіснамалық тәсілдерін меңгереді.

 

  1. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Әр тыңдаушыға 6 модульден тұратын 72 сағаттық бағдарлама ұсынылған.

Бағдарламаның мазмұны

1-модуль  «Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету»

Білім берудегі нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заңнамалық негізгі ережелері.

2-модуль «Курсқа кіріспе»

Курс барысында тыңдаушылар экологияның ғылым ретінде анықтамасына, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану, қолданбалы экологияға қызығушылықтың пайда болу себептеріне, экологиялық проблемаларға және тұрақты дамуға назар аударулары қажет.

Экология пәнінің негізгі түсініктері, экологияның құрылымы. Зерттеу әдістері.Экология пәнінің ғылымдағы орны. Экология ғылымының даму тарихы.. Су - тіршілік ортасы. Құрлық әуе, топырақ тіршілік ортасы. Организм тіршілік ортасы. Экологиялық факторлардың классификациясы. Экологиялық факторлардың әсер ету заңдылықтары. Организмдердің экологиялық топтары. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Тірі зат концепциясы. Табиғаттағы кіші айналым схемасын талдау. Адам биологиялық түр ретінде. Адамға әсер етуші факторлар. Экологиялық ізді азайту жолдары.   

3-модуль «Экологиялық мәселелердің теориялық бөлімі»

Ядролық соғыс қаупі.  Энергетикалық мәселелер.Азық түлік мәселелері. Жаһандық ластану.

Демографиялық мәселелер. Биосфераның қазіргі кезеңдегі әлемдік мәселелері. Табиғи ресурстар және олардың классификациясы.Табиғи ресурстарды пайдалану мәселесі. Атмосфералық ауаның құрылымы мен құрамы. Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфералық ауаны қорғау іс шаралары. Су ресурстарының ластануы.  Су ресурстарының экологиялық мәселесі.  Су ресурстарын тазарту әдістері.  Литосфераны қорғау және тиімді пайдалану.Топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы. Топырақ жамылғысының экологиялық мәселесі. Өркениет мәселелері және жаһандық экологиялық мәселелер. Биосфера компоненттерінің жаһандық ластануы. Табиғи-ресурстық потенциал. Атмосфералық ауаны мен су ресурстары. Топырақты қорғау және оларды ұтымды пайдалану мәселесі

 

4-модуль «Өркениеттегі экологиялық мәселелердің тәжірибесі»

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі жалпы түсінігі. Мониторинг әдістері мен түрлері. Техногендік әсерлер және олардың экологиялық регламентациясы. Қазіргі замандағы  адамның тамақтануы.  ҚР экологиялық мәселелері. Радиоактивті қалдықтар. Қалдықтар – потенциалды шикізат көзі. Халықаралық ынтымақтастық нысандары. Халықаралық ұйымдар мен конференциялар. ҚР халықаралық ынтымақтастығы. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау. Тұрақты даму стратегиясының мақсаттары мен принциптері. Әлеуметтік-экономикалық мәселелердің алдын алу іс шаралары. Қоршаған ортаны қорғау және зерттеу бойынша функционалдық сауаттылық.Экотуризмді ұйымдастыру формалары мен әдістері (саяхат, жаяу жүру, экскурсиялар, мектеп туристік эко-лагерлері)

5-модуль «Экологиялық мәселелердің шешімдері»

Альтернативті энергия көздері. Жасыл технологиялар және жасыл кеңсе дамуы.  Экология "жасыл" экономика болашағының - тренді ретінде. Экологиялық білім мен тәрбиенің теориялық негіздері. Шетелде экологиялық білім беру тәжірибесі. Жасыл технологиялар: жаңа қоғамдық тренд ретінде инновациялық экологиялық шешімдер. - Экологиялық білім және тәрбие. Экология сабағын оқытудың дидактикалық принциптері. Қоршаған ортаның мәселелері бойынша экологиялық жоба жасау.

6-модуль  «Рефлексия»

«Менің қаламның экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» эссе жазу. Курс тақырыптары бойынша тестілеу. Біліктілікті жетілдіру курсы деңгейін анықтауға арналған сауалнама.

  1. Оқу процесін ұйымдастыру

 

Оқу процесін ұйымдастыру білім берудегі экологиялық білім беру тәсілі ретінде.

Біліктілікті жетілдіру курстары мына форматта ұйымдастырылады:

- күндізгі оқу,

- қашықтықтан оқыту.

Оқу процесі осы бағдарламаға, оқу-тақырыптық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Оқу процесі курстарға қатысушылармен өзара әрекеттесудің әртүрлі формаларын қамтиды:

Сабақтың тақырыбы

Формалары мен әдістері

Білім беру қызметін реттейтін құқықтық-нормативтік актілер

Лекция

Экологиялық білімге кіріспе.

Лекция

Өркениет тарихындағы қоғаммен табиғаттың қарым-қатынасы. 

Семинар

Тірі организмдер және олардың тіршілік орталары.

Лекция

Орта факторлары және олардың организмдерге әсері.

Семинар

Биосфера эволюциясы.

Лекция

Биосферадағы адамның ролі

Семинар

Биосферадағы биогеохимиялық айналымдар. 

Лекция

Адамның экологиялық ізі.

Семинар

Өркениет мәселелері және жаһандық экологиялық мәселелер.

Лекция

Биосфера компоненттерінің жаһандық ластануы.

Семинар

Табиғи-ресурстық потенциал

Лекция

Атмосфералық ауаны қорғау

Семинар

Су ресурстарын қорғау

Лекция

Топырақты қорғау және оларды ұтымды пайдалану

Семинар

Экологиялық бақылау және қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі

Лекция

Экологиялық қауіпсіздік.

Семинар

Азық түліктің экологиялық қауіпсіздігі.

Лекция

Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық проблемалары

Семинар

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Лекция

Қызыл кітап. Ерекше қорғауға алынған территориялар.

Семинар

Тұрақты даму тұжырымдамасы.

Лекция

Туристік-өлкетану қызметі

Семинар

Қазақстандық туризм, Экологиялық туризм

Лекция

Жасыл технологиялар: жаңа қоғамдық тренд ретінде инновациялық экологиялық шешімдер

Семинар

Экологиялық білім және тәрбие.

Лекция

Экология сабағын оқытудың дидактикалық принциптері.

Семинар

Рефлексия

Эссе

 

  1. Бағдарламаны оқу-әдістемелікпен қамтамасыз ету

Курсты оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету:

- әдістемелік құралдар;

- бейне материалдар;

- интернет-ресурстар;

- тарату материалдары.

 

  1. Оқыту нәтижелерін бағалау

36 сағат көлемінде оқыту нәтижелерін бағалау:

- курс тақырыптары бойынша тестілеу;

- біліктілікті жетілдіру курстарына қанағаттану бойынша сауалнама жүргізу.

72 сағат көлемінде оқыту нәтижелерін бағалау:

- «Менің қаламның экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» эссе жазу;

- курс тақырыптары бойынша тестілеу;

- біліктілікті жетілдіру курстарына қанағаттану бойынша сауалнама жүргізу.

 

 

  1. Курстан кейінгі сүйемелдеу

 

Іс-әрекеттер

Форматы

1

- әлем экологиялық білімнің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін сипаттау;

- заманауи социомәдени жағдайларда, экологиялық тәрбиенің даму ерекшеліктерін талдау;

- экологиялық тәрбиенің қызметі мен формаларын  талдау

Күндізгі, қашықтықтан

2

Білім беру ұйымдарының мұғалімдерін  аттестаттауға дайындауда әдістемелік көмекті қамтамасыз ету

Күндізгі, қашықтықтан

3

Курс мәселелері бойынша вебинарлар, он-лайн консультациялар өткізу

Қашықтықтан

4

Конференцияларға, семинарларға қатысуға тарту

Күндізгі, қашықтықтан

  1. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  2. Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции. Послание Президента Республики Казахстан от 10 января 2018 года. http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1800002018
  3. Закон Республики Казахстан «О статусе педагога». - http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1900000293
  4. Правила организации учебного процесса по дистанционным образовательным технологиям // http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010768
  5. Государственная Программа развития образования и науки на 2020-2025 годы //https://www.zakon.kz/5002441-utverzhdena-gosudarstvennaya-programma.html
  6. Методические рекомендации для педагогов по организации самостоятельной работы и выполнению учебных заданий обучающимися в рамках дистанционного обучения. – Нур-Султан, 2020
  7. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2020 года № 141. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 апреля 2020 года № 20389 «О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 137 «Об утверждении Правил организации учебного процесса по дистанционным образовательным технологиям» //http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020389#z48
  8. Рамочная конвенция ООН по изменению климата, 1992.
  9. Киотский протокол, 1993, 1997.
  10. Конвенция о биоразнообразии. 1992.
  11. Экологический кодекс РК, Астана, 2007.
  12. Декларации тысячелетия ООН,  Нью-Йорк, 2000 г
  13. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М., «ФАИР-ПРЕСС»,2003.
  14. Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М. Общая экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.
  15. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии Алматы, «Қазақ университеті», 2007.
  16. Акимова Т.А., Хаскин В.В.. Экология. Человек-экономика-биота-среда., М., «ЮНИТИ», 2007.
  17. Никаноров А.М., Хорунжая Т.А.. «Глобальная  экология», М.,  ЗАО, «Книга сервис», 2003.
  18. Денисов В.В., Лозановская И.Н.,Луганская И.А. и др. Экология, Ростов-на-Дону, «МарТ», 2002

 

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Шокаманов Ю., Макажанова А. и др. Человеческое развитие в Казахстане. UNDP Kazakhstan. Хрестоматия. Алматы: S-Print. 2006
  2. Шокаманов Ю., Макажанова А. и др. Человеческое развитие в Казахстане. UNDP Kazakhstan. Практикум. Алматы: S-Print. 2006
  3. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии: Учебник для студентов пед. ин-тов по биол. спец. 4-8 изд. - М.: Просвещение, 1995-340 с.
  4. Всесвятский Б.В. Системный подход к биологическому образованию в средней школе: Кн. Для учителя.- М.: Просвещение, 1995. - 143с.
  5. Грин Н., Стаун У., Тейлор Д. Биология: в 3т. М.: Мир, 1990. Т.3 - 286 с.
  6. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподавания биологии: Пособие для учителя. - М.: Просвещение, 1995. -191 с.
  7. Комиссаров Б.Д. Методологические проблемы школьного биологического образования.- М.: Просвещение, 1996. -160 с.
  8. Лернер И.Я. Система методов обучения и их практическое применение/Биология в школе.- 1998-№3 - C. 52-55.
  9. Совершенствование обучения биологии: Сб.науч.тр./Ред.кол.: А.Н.Мягкова/отв.ред./и др. - Изд. 1998. -120 с.
  10. Хрипкова А.Г. и др. Методика преподавания факультативных курсов по биологии . - Просвещение, 1998. -174 с.

 

 

ИНТЕРНЕТТІК РЕСУРСТАР

  1. http://www.mailcleanerplus.com/profit/elbib/obrlib.php
  2. http://www.mnr.gov.ru/
  3. www.livejournal.ru/communities/23
  4. http://www.mnr.gov.ru/
  5. https://youtu.be/KwbPipAByRk
  6. https://youtu.be/M7ViOBML9Oo
  7. https://www.youtube.com/watch?v=ng4yCOhT9oU
  8. https://youtu.be/hvZ4oCemGWs
  9. https://youtu.be/PAupXrKzd2w
  10. https://youtu.be/NHjADexUl38
  11. https://youtu.be/KoAhQ-_1a8E
  12. https://youtu.be/DTRo8Np269w
  13. https://youtu.be/Oo3B99UpiNwhttps://us04web.zoom.us/j/71518902628?pwd=TFRPdzZhQS8vbHNtN3VBZk9QK2R3https://youtu.be/55OS1kiKgLg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

Оқу-тақырыптық жоспар

 

 

 

 

 

 

Тақырып

Теориялық

Практикалық

Сағат саны

1-модуль «Құқықтық-нормативтік актілер» - 2 (2/0)

1

Білім беру қызметін реттейтін құқықтық-нормативтік актілер

2

 

2

2-модуль «Курсқа кіріспе» - 20 (10/10)

2

Экология пәнінің негізгі түсініктері, экологияның құрылымы.

3

 

3

3

Экология пәнінің ғылымдағы орны. Экология ғылымының даму тарихы.

 

2

2

4

Су - тіршілік ортасы. Құрлық әуе, топырақ тіршілік ортасы.

2

 

2

5

Организм тіршілік ортасы.

 

2

2

7

Экологиялық факторлардың классификациясы.

 

2

2

8

Экологиялық факторлардың әсер ету заңдылықтары.

2

 

2

9

Организмдердің экологиялық топтары.

 

2

2

10

1. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.

3

 

3

11

2. Тірі зат концепциясы.

 

2

2

3-модуль  ««Экологиялық мәселелердің теориялық бөлімі»» - 20 (10/10)

11

Табиғи ресурстар және олардың классификациясы.

2

 

2

12

Табиғи ресурстарды пайдалану мәселесі.

 

2

2

13

Атмосфералық ауаның құрылымы мен құрамы.

2

 

2

14

Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфералық ауаны қорғау іс шаралары.

 

2

2

15

Су ресурстарының ластануы.

2

 

2

16

 Су ресурстарының экологиялық мәселесі.

 

2

2

17

 Су ресурстарын тазарту әдістері.

2

 

2

18

 Литосфераны қорғау және тиімді пайдалану.Топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы.

 

2

2

19

Топырақ жамылғысының экологиялық мәселесі.

2

 

2

20

Табиғи ресурстар және олардың классификациясы.

 

2

2

4-модуль  «Өркениеттегі экологиялық мәселелердің тәжірибесі» 12 (6\6)

21

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі жалпы түсінігі.

2

 

2

22

 Мониторинг әдістері мен түрлері.

 

2

2

23

Техногендік әсерлер және олардың экологиялық регламентациясы.

2

 

2

24

Қазіргі замандағы  адамның тамақтануы.

 

2

2

25

 ҚР экологиялық мәселелері. Радиоактивті қалдықтар.

2

 

2

26

Қалдықтар – потенциалды шикізат көзі.

 

2

 

5-модуль  «Экологиялық мәселелердің шешімдері» 18 (8\10)

27

Жасыл технологиялар: жаңа қоғамдық тренд ретінде инновациялық экологиялық шешімдер

4

 

4

28

Экология сабағын оқытудың дидактикалық принциптері.

 

6

6

29

Экотуризмді ұйымдастыру формалары мен әдістері (саяхат, жаяу жүру, экскурсиялар, мектеп туристік эко-лагерлері)

4

 

4

30

Қоршаған ортаның мәселелері бойынша экологиялық жоба жасау.

 

4

4

6-модуль «Рефлексия» - 2 (0/2)

31

Рефлекция

 

2

2

 

Барлығы

36

38

74

* Әр тыңдаушыға – 72 сағаттан.