Cеріктестерге

Ұлттық құндылықтарға негізделген «НЕГЕШ» инновациялық білім және тәрбие беру кешенін пайдаланып халыққа қызмет көрсетемін деген кәсіпкерлер мен білім ұйымдарына біздің есігіміз әрқашан да ашық. Әрбір әріптестің өзіндік сұранысына қарай тиімді қарым-қатынас жасаудың үлгісін бірге келісіп ұсынамыз. Біздің мақсатымыз тек қана табыс табу емес, ең алдымен өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтардың ұрығын егіп, еліміздің кемел болашағын қалыптастыруға үлесімізді қосу.