канд. биол. наук
философия докторы PhD
"Негеш" Инновоциялық дамыту орталығының негізін қалаушы
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру - Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы ретінде маңызды рөл атқарады, өйткені, оның шеңберінде баланың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың ұлттық құндылықтар негізінде бағдарлануы мен әсерленуінің дамуы үшін әлеуметтік жағдайлар қамтамасыз етіледі, баланың мектепке дайындығы барысындағы тәрбие мен білім берудің кең ауқымды НЕГЕШ бағдарламасында жүзеге асырылады.
Оқыту, тәрбиелеу және дамыту процестерінің қозғаушы күші немесе мотиві-бұл бастапқыда адамның жан дүниесіне еніп, танымдық іс-әрекетте және қарым-қатынастарды қалыптастыруда жеке тұлғаны дамыту процесінде көрінетін Метатанымдық қажеттілік пен қызығушылық болып табылады. Осы танып білуге деген қызығушылық басылып қалмау үшін балаға болашақта кез келген мәселені шешуден сәттілік күту күйін сақтау қажет. Бұл баланың жеке дамуының негізгі шарттары.
«Тәрбие» сөзі білім саласында да, ағартушылық бағытында да халық арасында ең көп қолданылатын, мағынасын әркім әртүрлі түсінетін күрделі сөз. Ресми педагогика ғылымында да нақты анықтамасы айқындалмаған көп пікірталас тудыратын ғылыми категория, әлі де нақты шешімін таппай тұрған проблема.
Білім беру мен тәрбие беру бірінсіз бірі іске аспайтын, ылғи да бірге жүретін тел қозыдай егіз үдеріс екені белгілі. Алайды білім берудің диагностикасы, мониторингі мен өлшеу құралдары толық жетілгенімен, тура сол сияқты тәрбие үдерісінің өлшеу критерийлері әлі күнге шейін шешімін таппай келе жатқан мәселе екеніне ешкім көңіл бөле бермейді.
Салтың - санаң, ғұрпың- ғұмырың. Аттан жығылсақ та, салттан жығылмаған қазақпыз.
Ғұрпы мықты ұллтың- рухы мықты болады.