Жаңалықтар


12.11.2025
Тараз қаласында жаңа “Ali garden” балабақшасы ашылды. Бұл балабақша “Negesh” жобасының серіктесі болды. Балабақшада келісімшарт негізінде позитивті білім беру, ұлттық құндылықтар, ізгілік педагогикасы және балалардың эмоционалды интеллекті мен креативті ойлауын ерте дамытуға негізделген “Negesh” әдістемесі енгізіледі.

19.04.2025
Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу
18 сәуір күні “Negesh” әдіскері Ибраимова Гүлжан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институты ұйымдастырған «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ұлттық дамытушы ойындар мен ойыншықтар рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

27.03.2025
«NEGESH» халықаралық форумда
13 наурызда Алматыда «Инновациялар. Бизнес. Білім беру: жаңа сын-қатерлер мен болашақ перспективалары» атты халықаралық форум өтті. Форумды Жеке меншік білім беру ұйымдарының Республикалық қауымдастығы ұйымдастырды.

9.03.2025
«Нұр Алим» балабақша-гимназия мектебінде педагогтерге арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесінде ізгілік педагогика әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында тренинг өткізілді.

17.02.2025
17 ақпанда "Нұр Әлім" балабақша-мектеп-гимназиясының басшысы Гүлсын Рахымжанқызы Орынбаевамен кездесу өтті. 

7.02.2025
Іскер әйелдер қауымдастығының басшысы Меруерт Коттабаевна Лештаева және Жамбыл облысы бойынша Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы филиалының басшысы Эльнура Төрегелдиевна Құрманалиеваңың қолдауымен 7-ші ақпанда жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының құрылтайшылары, басшылары мен әдіскерлері үшін "Negesh" инновациялық танымдық кешенінің таныстырылымы өтті.