Жаңалықтар

27.06.2026
"Negesh" бағдарламасының таныстырылымы

Жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында "Negesh" бағдарламасының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Білім басқармасының, қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың және мектепке дейінгі ұйымдардың мамандары қатысты.
Таныстырылым барысында кешеннің мазмұны, "Negesh" бағдарламасының курстары және курстан кейінгі әдістемелік қолдау жүйесі таныстырылды.
Бағдарлама тренері Ыбраим Г. қатысушыларды кешенмен таныстырып қана қоймай, оның әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, тренинг өткізді.
Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, бағдарламаға оң бағаларын берді.