Жаңалықтар

27.03.2025
«NEGESH» халықаралық форумда

13 наурызда Алматыда «Инновациялар. Бизнес. Білім беру: жаңа сын-қатерлер мен болашақ перспективалары» атты халықаралық форум өтті. Форумды Жеке меншік білім беру ұйымдарының Республикалық қауымдастығы ұйымдастырды.
«Negesh» компаниясының сарапшылары Жиенбаев Ерулан мен Ибраимова Гулжан «Мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы форум секциясының жұмысына қатысты. Ибраимова Гулжан ««Negesh» инновациялық кешен - мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға арналған жаңа әдістеме» тақырыбында таныстырылым өткізді. Жиенбаев Ерұлан «Ұлттық құндылықтар тұжырымдамасының парадигмасына сай балалардың потенциалын ашу» тақырыбында сөз сөйледі. «Negesh» әдістемесі мектепке дейінгі білім беру секциясының қатысушыларының қызығушылығын тудырды, сөз сөйлеуден кейін сарапшылар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Педагогтерге ізгілік педагогика бойынша қажетті әдебиеттер мен пайдалы сілтемелер ұсынылды.