Жаңалықтар

19.04.2025
Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу

18 сәуір күні “Negesh” әдіскері Ибраимова Гүлжан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институты ұйымдастырған «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ұлттық дамытушы ойындар мен ойыншықтар рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция аясында бір сәтте 9 тәжірибелік алаң жұмыс жасады. “Negesh” жекеменшік “Аю” бөбекжай-бақшасында өткен «Жасыл ел – жасыл балабақша» атты 7-ші тәжірибелік алаңның жұмысына қатысты.
Конференцияның барысында «Ұлттық дамытушы ойындар керуені» атты көрмесі өткізілді. Пленарлық отырыста ҚР Оқу-ағарту министрілігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің бас сарапшысы Барон Лада Анатольевна, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының директоры Ерманова Мария Наятовна және мектепке дейінгі білім беру саласындағы жергілікті жетекші ғалымдар баяндама жасады.