Жаңалықтар

7.05.2026
Облыстық деңгейдегі іс-шараларға қатысу
                                                                             
        Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен облыс деңгейінде «Negesh» бағдарламасының таныстырылымы өткізілуде.
        2026 жылғы 5 мамыр күні Zoom платформасы арқылы «Negesh» бағдарламасының әдіскері, тренері Ыбраим Гүлжан облыстық мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған таныстырылым өткізді. Таныстырылым барысында қатысушылар сұрақтар қойып, кешен туралы оң пікірлерімен бөлісті.
        2026 жылғы 6 мамыр күні Ыбраим Г. Тараз қаласындағы №48 «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында «Дамытушы ортада тәрбиелеу мен білім беру компоненттерін интеграциялау» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысты.
      Семинар барысында «Negesh» бағдарламасының таныстырылымы өткізіліп, кешеннің әдістемелік материалдары таныстырылды. Сонымен қатар, бағдарлама аясында педагогтерге көрсетілетін әдістемелік қолдау түрлері түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
       Семинарға қатысқан облыстық оқу-әдістемелік орталығының «Мектепке дейінгі білім беруді дамыту» бөлімінің жетекшісі Сейтбекова Гүлмира Жолдасовна өткізілген таныстырылым үшін алғыс білдіріп, қатысушыларға өз ұжымдарын осы кешенмен таныстыруды ұсынды.