20.05.2026
Облыстық семинарға қатысу
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының «Мектепке дейінгі білім беруді дамыту» бөлімінің қолдауымен облыс деңгейінде «Negesh» бағдарламасының таныстырылымы өткізілуде.
19 мамыр күні «Negesh» бағдарламасының әдіскері Ыбраим Г. Байзақ ауданының «Балдырған» балабақшасында «Ойын мен зерттеу арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке бейімдеу» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысты.
Семинарға облыстық мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты. Семинар барысында «Этно steam» көрмесі, балалардың қатысуымен ойын іс-әрекеттері, шебер-сынып, тренинг өткізілді.
Сонымен қатар, «Negesh» бағдарламасының таныстырылымы өткізіліп, кешеннің әдістемелік материалдары таныстырылды. Бағдарлама аясында педагогтерге көрсетілетін әдістемелік қолдау түрлері түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырған «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі Толғанай Қуанышқызына және ұжымына алғысымызды білдіреміз! Алдағы жұмыстарыңызға табыс, шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!