2.06.2026
Өңірлік психологтар конгресіне қатысу
"AMANAT" партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты мен Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Психология NEXT: Жасанды интеллект дәуіріндегі адам психикасы» атты өңірлік психологтар конгресі өтті.
«Negesh» бағдарламасының тренері Ыбраим Гүлжан «Баланың эмоционалдық интеллектісін ерте жастан дамыту» тақырыбындағы баяндамасымен панельдік сессияға қатысты.
Баяндама барысында «Negesh» бағдарламасын енгізу тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, педагогтердің курста эмоционалдық интеллектіні дамыту бойынша теориялық және практикалық білім алатыны, сондай-ақ балалардың эмоционалдық интеллектісі мен эмпатия қабілетін дамыту мақсатында Soft Skills жинағындағы тапсырмалардың жүйелі түрде қолданылатыны таныстырылды.
Сонымен қатар, Ыбраим Гүлжан пленарлық отырыста «Эмоционалдық саулық – ұлттық дамудың алғышарты» панельдік сессиясының ұсыныстарын қатысушылар назарына ұсынды.
Конгресс аясында Ыбраим Гүлжан өңірлік іс-шараға белсенді қатысып, тәжірибесімен бөліскені және кәсіби қауымдастықтың дамуына қосқан үлесі үшін "AMANAT" партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Д. Бейсенқұловтың атынан Алғыс хатпен марапатталды.